Спорт

“Қуаныш” қыздарына суперкубок бұйырмады

Петропавлда волейболдан бастау алған әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының бірінші турында Суперкубок сарапқа салынды.
Жергілікті – «Қуаныш» және алматылық «Алматы» клубы. Осы екеуінің бірі бөрікті аспанға атады. Залда ине шаншар орын жоқ. Волейболсүйер қауым қыздарға қолдау көрсету үшін тыңғылықты дайындалып келіпті.

Командалардың деңгейі бірдей. «Қуаныш» қыздары Кубок үшін дода көп күш жұмсағанға ұқсайды. Ойын барысында есеп жиі құбылып отырды.

Алғашқы партияда – алматылықтар, ал екіншіде петропавлдықтар жеңді. Тартысты ойынды көрермен тапжылмай тамашалады. Қолдауды аямады.

ЮРИЙ КАССОВИЧ, жанкүйер:

– Мен өзім осындай тартысты ойындарды жақсы көремін. Волейболға бірінші рет келіп тұрмын. «Қуаныш» клубына жеңіс тілеймін. Қаламызда осындай қызықты додалар бола берсін.

Сонымен, 4 партия артта қалды. Есеп – 2 де 2. Яғни, жеңімпаз шешуші кезеңде анықталады. Бұл сайыста алматылықтардың айы оңынан туды. Олар 16 да 18 есебімен жеңіске жетті. Өкінішке қарай, жергілікті «Қуаныш» Кубок пен Суперкубокты қос қанжығаға байлай алмады.

 

Мадина Каби