Балалар

Ата-аналарға арналған шеберлік сағаты

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қазіргі балалардың психологиясы мен тәрбиесі. Кеше облыстық кітапханада осы тақырып шеңберінде арнайы тренинг өтті. Өзін-өзі қорғау және балалар психологиясы орталығының мамандары ата-аналармен кездесті.

РҮСТЕМ ІЛИЯСОВ, өзін-өзі қорғау орталығының жетекшісі:

– Бүгінгі шараға 40-қа жуық ата-ана келіп отыр. Бұл адамдар балаларының болашағына алаңдайтын немесе жақсы қарым-қатынасты қалайтын жандар деп ойлаймын. Қоғамда балаларға қатысты болып жатқан түрлі оқиғаларды сараптап, анализ жасамақпыз. Алдын алу десек те болады. Ата-аналар мән бере бермейтін жайттарды қарапайым түрде жеткізіп, түсіндіреміз.

Шараға спикер ретінде жергілікті психологиялық орталығының мамандары шақырылды. Білікті жандар ата-аналарға баланың булингке тап болғанын қалай тануға болатынын тереңірек түсіндірді.

ДМИТРИЙ АГАПОВ, психологиялық орталық жетекшісі:

– Мұндай бірлескен іс-шараны бірінші рет өткізіп отырмыз. Дегенмен, өзіміз қоғамдағы өзекті тақырыпқа тақысты, соның ішінде адамдарды психологиялық түрде тәрбиелеу, құмар ойын мен буллингке қарсы күрес туралы шараларды үнемі әрі жүйелі түрде ұйымдастырамыз. Орталықта 5 психолог маман бар. Әрқайсысы белгілі бір бағытта жұмыс істейді.

Айта кетейік, өзін-өзі қорғау балалар психологиясы орталығы осыдан 3 ай бұрын ғана құрылған.

ӘЙГЕРІМ БАЙГУЗИНОВА, өзін-өзі қорғау орталығының психолог маманы:

– Жалпы, біздің орталықта 1 айда балалар міндетті түрде психологпен жұмыс істейді. Әр түрлі тренинг өткіземіз. Ол балалардың жеке басының дамуына көмектеседі әрі ерекшелігі немесе талантын қарастырамыз. Сонымен қатар, балалардың қандай да бір маманмен жұмыс істеуі керек болса соны да қадағалаймыз. Бізде мамандар бірнеше бағытта жұмыс істейді. Олар баланы өзін қорғауға үйретеді, физикалық жағдайда дамуына байланыста жаттығулар жасап, балалардың бір-біріне деген көзқарастарына көңіл бөледі.

Қос орталықтың мамандары келесі жолы қазіргі таңда белең алып тұрған отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық туралы кездесу өткізуді жоспарлап отыр.