Қоғам

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы қорытындыланды

Облыс орталығында қазан айында «Ардагерлерді ардақтайық» атауымен басталған айлық өз мәресіне жетті. Бүгін ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында атқарылған іс-шаралар жіпке тізілді. Ацияның басты мақсаты – ардагерлер мен жалғызбасты қарияларға қол ұшын созу. Жиынға қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен белсенділері қатысты.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Осы айлықты біздің облыста еркеше өткенін айтып өткім келеді. Дәрігерлер ашық есік күнін өткізіп, ардагерлерді тексерді. Көптеген концерттер ұйымдастырылды. 3:18/ Жалпы, қала бойынша 58 млн-ға жуық материалдық көмек көрсетілді. 22 мың адам қамтылды. Мемлекеттік қызметкерлер 800 адамды қамқорлыққа алып көмек көрсетті. Бұл өте үлкен шаруа болды.

Қарияларға қысы-жазы қол ұшын созып жүрген еріктілерді де естен шығармаған жөн. Үлкенге құрмет көрсетіп, жәрдем беремін деген жандардың саны жыл сайын артуда. Аққайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Наталья Брысенкова елді мекенде зейнеткерлерге жағдай жасалмаған дейді. Қазіргі таңда Аққайың ауданында 3 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың көбісі Смирново елді мекенінде тұрады. Онда мыңнан астам зейнеткер бар.

НАТАЛЬЯ БРЫСЕНКОВА, Аққайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қариялармен жұмыс істеу оңай емес. Оларға жасалған жағдай аздық етеді.
Соны шешу – біздің міндетіміз. Адам зейнетке шыққан кезде де оның еңбегін ұмытпау керек. Бір өкініштісі, біздің ауданда зейнеткерлермен кездесу ұйымдастырылмайды. Өзіміз көңілдерін көтеру үшін концерттік бағдарлама өткіземіз. Оның өзіне қаражат керек.

Айта кетейік, облыста 100 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 44 мыңы Петропавлда тұрады.

 

Гульден Симбаева