Қоғам

Көлік қағып кеткен 62 жастағы әйел адам бірнеше жарақат алған

Оқиға бүгін Интернационал көшесінде таңғы сағат 11-ден кете болды.
Volkswagen Passat көлігін әйелдің жасымен шамалас ер адам басқарған. Зардап шеккен жанға жедел жәрдем мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Науқас 3-ші қалалық аураханаға жатқызылды. Оның сол жақ иығы мен тізесіне зақым келген.
Медициналық сараптама нәтжиесі бойынша жүргізуші сау. Аталған факті бойынша процесуалдық шешім қабылдау мақсатында материал жиналып жатыр.

АЙДЫН БАЙМАТОВ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығы:

– Көлік жүргізушісі жылдамдықты сақтамағанның кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жыл басынан бері 323 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде 39 адам қаза тапты, 463-і әр түрлі дене жарақатын алған. Жаяу жүргіншілердің кінәсі бойынша 25 жол-көлік оқиғасы орын алды. Ол кезде 1 адам қаза тапты, 24-і жарақат алды. Ал жасөспірімдер арасында 78 жол-көлік оқиғасы болды.

 

Гульден Симбаева