Қоғам

Жолдар қардан тазартылуда

Осы екі күнде өңірде 47 мм-ге дейін қар түскен. Ал қарашадағы жауын-шашынның орташа айлық мөлшері 21-36 мм екенін ескерсек, сенбі-жексенбіде жауған қардың көлемі нормасынан асып түсті. Ауа температурасы түнде -8, -14-ке дейін күрт төмендеді.
Кеш басталса да күзден есесін қайтарып алған қыстың келуі энергетиктерді ғана емес, жол қызметтерін де әбігерге салды. Петропавлда демалыс күндері көшелерді қардан тазалауға 100-ге жуық адам мен 70 техника жұмылдырылды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев тайғанақтың бетін қайтару үшін құм-тұз қоспасы себіліп жатқанын өз әлеуметтік парақшасында жазған болатын. Ал республикалық маңыздағы тасжолдарда сенбі күні 60-тан астам техника мен 120-дан аса қызметкер қар аршуға шыққан. 120 тоннаға жуық реагент себілген.

 

Гульден Симбаева