Мәдениет

Шымкенттік актерлер – Петропавлда

Шымкент қуыршақ және жасөспірімдер театрына биыл 40 жыл толып отыр. Осыған орай шырайлы Шымқала өнерпаздары “40 қалаға тур” атты гастрөлдік сапарға шықты. Петропавл – өнер ұжымы аялдаған бірінші қала емес. Актерлер теріскейде көп болмайды, небәрі 2-ақ күн. Сол екі күннің ішінде 4 спектакль қояды. Екеуі – қазақша, екеуі – орысша.

МАҚПАЛ МАЛДЫБАЕВА, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі:

– Осы турмен біз алдыменен Көкшетау қаласында болдық. Көкшетау қаласында 5 күндей болып, енді Петропавл қаласына ат басын бұрып отырмыз. Орыс және қазақ тілдерінде 2 топ болып келдік. Қазақтар 2 спектакльмен Ә.Файзуллаевтің «Үй таңдаған лақ» және Михайл Садовскийдің «Маша мен аю», Смирновтің «Кел, бірге ойнайы қ» атты спектакльдерімен келіп отырмыз.

Мақпал Малдыбаеваның айтуынша, Өзбекстаннан бастау алған өнер туры Петропавлдан кейін Қарағанды қаласында жалғасуы тиіс. Шетелге де шықпақ ойлары бар шымкенттіктердің. Іргелі өнер ұжымының Қызылжар өңіріне келуі бірінші рет.
Тәжірибе тұрғысынан шымкенттік қуыршақ театры әртістерінің берері мол дейді
жергілікті мәдениет ошағының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Бұйырса енді, алдағы уақытта 2024 жылы біз Шымкент қаласына гастролдік іс-сапармен барамыз. Осы айдың 20-сынан кейін біздің қуыршақ театры “Күмістей ақша” қойылымымен Қорған қаласына гастролдік іс-сапармен барады.

 

Мадина Каби