Ел үздіктері анықталды! Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер және жастар арасындағы командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Қаламызда тұңыш рет өткізілген додаға Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Астана қалалары қатысты. Бақ сынаушылардың жалпы саны – 450. Біріншілікте ұлдар арасында түркістандықтар топ жарды. Керекуліктер – екінші, ал қостанайлық спортылар үшінші орынға табан тіреді. Қыздарға келсек, бірінші – Қызылорда, екіншісі – Түркістан, үшінші – Қостанай облысы.
Байболат Култанов