Қоғам

Сағадат Нұрмағамбетовтың дүниеге келгеніне – 100 жыл

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу шарасы өтті. Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болған азаматтың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл толып отыр. Осы орайда «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көшпелі көрме қанат жайды. Онда Сағадат Қожахметұлының жеке заттары қойылған.

САҒЫНДЫҚ САЛМҰРЗИН – облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Бұл көрме біздің жастарымызға өте керекті. Тәуелсіз еліміздің қаһарманы, тұңғыш қаһарманы, армия генералы, Совет одағының батыры. Ең бірінші, генералы, қарулы күштердің басшысы. Жастарға үлкен бір намыс беретін, оларға жігер беретін, отансүйгіштік, патриотизм тудыратын іс-шара.

Қалиолла Сауытбеков – облыстық қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Кезінде генералмен бірге жұмыс істеген. Айтуынша, осындай тұлғалар туралы шаралар жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін арттырады.

ҚАЛИОЛЛА САУЫТБЕКОВ – облыстық қарулы күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Астанадағы, музейдегі экспонаттарды, өмірі жайында, жүрген жері жайында, өмірі жайында осы біздің Петропавл қаласына әкеліп отыр. Осы кісі жайында мағлұмат беру, елге тағзым ету мақсатында үлкен іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара еліміздегі жас сарбаздардың, жас азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, елдің қорғауы жайындағы мақсаттардың орындалуына үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.

Сағадат Нұрмағамбетов 21 жасында Кеңес Одағының батыры атанған. Әскери академия курсанты Мұхит Ануарбеков Сағат Қожахметұлы – сарбаздар үшін үлгі дейді.

МҰХИТ АНУАРБЕКУОВ, ҚР ҰҰ әскери академиясының курсанты:

– Сағадат Нұрмағамбетов атамыз қазақтың қайраткері, еліне еңбегі сіңген, батырымыз десек те болады. Өзімізде әскери киім кигеннен кейін осындай кісілерді пір тұтамыз, одан сабақ аламыз.

Елордадан жеткізілген көшпелі көрме Қызылжардан кейін өзге қалаларда ұйымдастырылады.

 

Мадина Каби