Құқық қорғау органдары

Ұсталған жүргізушінің мас болғаны соншалық, полицейлердің дабылын елемеген

Ғ.Мүсірепов ауданында полиция қызметкерлері қуып жүріп мас жүргізушіні ұстады. ВАЗ 2106 көлігін тізгіндеген 51 жастағы ер адам үйінің ауласына кірген кезде құрықталды. Медициналық куәландыру жүргізіліп, ер адамның мас екені анықталды. Ауыл тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, СҚО-да 10 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 23 жол-көлік апаты болып, 6 адам қаза тапты, 30-ы жарақат алды.