Қоғам

Петропавлда автобус жүргізушісі адам қағып кетті

Ал Петропавлда сау адам адам соқты. Қизатов көшесінде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді қағып өткен. Оқиға таңертең 8 жарым шамасында болды. 55 жастағы жүргізуші медициналық сараптамадан өтуге жіберілген. Алдын ала болжам бойынша ол сау. Ал жапа шеккен 53 жастағы әйел адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау мақсатында тиісті материал жиналып жатыр.