14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қазіргі таңда ерекше ем мен күтімді қажет ететін кесел түрімен ауыратындардың саны көбеймесе азаяр емес. Теріскей өңірінде мұндай науқастардың саны 20 мыңға жетіп жығылады. Ал ел бойынша статистика жағаны ұстатады. Қазір облыстық көпбейінді аурухананың эндокринология бөлімшесінде қант диабетіне шалдыққан 15 солтүстікқазақстандық ем алып жатыр. Ең жасы 18-де. Ал Бибүгіл Әубәкірованың жасы 50-ден асқан.
Қан диабетіне кез болғанына 10 жылдың жүзі болыпты.
БИБІГҮЛ ӘУБӘКІРОВА:
– Қант диабетімен ауырғаныма 10 жыл болды. Міне, енді 11 жыл болады. Тәубе дейміз. Ем беріп жатыр. Әрине, бұл ауруға шалдықтың дегенде қуанамыз ба? Ренжідік, жыладық. Мындағы дәрігерлер әйбат.
Диета – тамақтану тәртібі, инсулин мен қантты төмендететін дәрілер қабылдау – емдеудің негізгі жолы. Бұл талаптарды орындау, осылайша денсаулығың мен өміріңді сақтап қалу – науқастың тікелей өзіне байланысты. Бұны Булаев қаласының тұрғыны растап отыр.
БИБІГҮЛ ӘУБӘКІРОВА:
– Диета ұстаймыз. Екі мезгіл дәрі ішеміз. Ауырғаныма 10 жыл болса, ауруханаға жатқаным осымен 3 рет.
Бүгінгі атаулы күннің аясында қан диабетіне шалдыққан жандардың өміріне шамшырақ болып жүрген эндокринолог дәрігерлермен кездестік. Ұлпан Нұғыманованың дәрігерлік еңбек өтілі 9 жылға жуықтапты.
ҰЛПАН НҰҒЫМАНОВА, облыстық көбейінді аурухананың эндокринолог-дәрігері:
– Сонымен қатар, біздің бөлімшеде қант диабеті мектебі жұмыс істейді. Онда осы ауру түріне шалдыққан жандармен профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргіземіз. Тамақтану жағын, физикалық белсенділік қажет екендіктері айтылады. Инсулин тағайындалғанда не істеу керектігі, асқынған жағдайда не болатынын талқылаймыз. Қант диабетін білу үшін бізде скрининг бар. Жалпы, Қазақстан бойынша әрбір поликлиникада әр адам жылына бір рет болса да қантын өлшетіп отырғаны жөн.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аясында жергілікті университетте жалпы медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өз білген-түйгендерімен бөлісіп, науқастардың қандағы қантын өлшеді.