Петропавлда кудодан ашық облыс біріншілігі өтті. 150-ге жуық баланың басын қосқан жарысқа Астанадан келген спортшылар да қатысты. Шараның шымылдығы қара домбыраның үнімен ашылды.
Әртүрлі жас, әртүрлі салмақ. Татамиге шыққан балалар тістене жұлысты. Кудода әдіс шешуші рөл атқарады. Қара күшке салғанша, аяқтан шалған дұрыс. Жылдамдық та жеңісті біртабан жақындатады.
Жарыста балалардың ата-аналары да төбе көрсетті. Олар сары уайымға салынды, ұл-қыздарға барынша қолдау көрсетті.
ЖАННА ГУЛОЕВА:
– Баламды 6 жасында кудоға бердім. Біраз жетістікке жетті. Ер жетіп қалды. Жан-жақты дамып жатыр. Осы спорт түріне барлығын шақырамын.
Кудошылар күш сынасқан жарыс 1 күнге созылды. Дода соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен медальдар табысталды.
Байболат Култанов