Қазақстан жаңалықтары

Қоныс аударушылар мен қандастар үшін бейімдеу және интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба Қазақстанның екі өңірінде іске қосылды

Жоба жаңа тұрғылықты жерлерге бейімделу мен интеграцияны қолдау үшін ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін қамтиды. Қызметтер қоныстану аймағын анықтауға көмектесетін және жұмысқа орналасу, тұрғын үй және басқа аспектілерді қоса алғанда, жеке жоспарды әзірлейтін мансап орталығына жүгінген сәттен бастап ұсыныла бастайды. Бейімделу мониторингі цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бес жыл ішінде жүргізілетін болады.