Осы жылдың маусым айында Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың 2 отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жүйелі идеологиялық жұмыстың негізгі 8 бағытын белгіледі. Осыған орай Халық партиясы облыстық филиалының өкілдері дөңгелек үстел жиынын ұйымдастырды.
Іс-шараға партия мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты. Отырыс барысында партия өкілдері жүйелі идеологиялық жұмыс бағыты мен ел дамуындағы оң өзгерістерді талқылады.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының мүшесі:
– Биыл осы Құрылтайда біздің Президентіміз өте өзекті мәселелерді көтерді. Ең бастысы, ол – халықтың рухани сана-сезімін қалыптастыру. Сондықтан, Президент келесі ойды ортаға салды. Қазіргі уақытта қазақ жерінің тарихын зерттеп жатқан шетел және қазақ тарихшылары 7 томдық кітап жазып жатыр. Менің ойымша, бұл кітап арқылы Жаңа Қазақстанның азаматтары, нағыз әділетті тарихпен танысады.