Экономика және қаржы

Қаржы саласының мамандары марапатталды

Қарашаның 15-і – Ұлттық валюта күні әрі қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі.
Осы орайда маңдайалды мамандар марапатталды. Юлия Аубакирова банк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт бойы еңбек етеді. Білікті маман жиында қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ЮЛИЯ АУБАКИРОВА, “Банк ВТБ” АҚ заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі аға менеджері:

– Банк саласында қызмет атқарып келе жатқаныма еш өкінбеймін. Әр мамандықтың өз қиындығы болады. Оған төзе білу қажет. Әуелде жас маман ретінде жұмыста жиі қобалжуға бой алдыратынмын. Қазір тәжірибем толыға түсе өзіме деген сенімім де арта түсті.

Қаржы саласының мамандары теңгенің тарихында ойып тұрып орын алады.
Төл валютамыз жыл өте келе нығайып келеді. Елімізде ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа 1993 жылдың 12-ші қарашасында қол қойылды.
Үш күннен кейін елде жаңа монеталар мен банкноттар пайда болды.

ДИАС МЭЛС, ҚР Ұлттық банкі СҚФ директоры:

– Біздің облыста ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8.00-де басталды. Ақшаны айырбастау процесі қарашаның 20-сында сағат 20.00-де аяқталды. Биржаға Ұлттық банк жүйесінің мамандары, екінші деңгейлі банктер филиалдары мен «Қазпошта» АҚ қызметкерлері қатысты.

Теңгенің қауіпсіздік деңгейімен қатар безендірілу сапасы да артып келеді. Айта кетейік, 2016 жылы британдық The Telegraph басылымы 10 мың теңгелік купюраны әлем бойынша ең әдемі банкнот деп таныды. Жалпы, теңге түрлі байқауларда 20-дан астам марапатқа ие болды.

 

Гульден Симбаева