Ауыл шаруашылығы

Еңбек адамы

Бұл – мал шаруашылығы саласында 25 жылдық өтілі бар Тұрғанай Альбинович. Жасы 50-ге таяган нәзікжандының Петерфельд ауылына көшіп келгеніне 2 жылға жуықтапты. Өзі – Ресейдің Челябі облысының тумасы. 3 баланың анасы «Петерфельд Агро» серіктестігіндегі жұмысын сауыншылықтан бастаған. Адал еңбегі мен шапшаңдығының арқасында бригадирге дейін көтеріліпті.

ТҰРҒАНАЙ АЛЬБИНОВИЧ, «Петерфельд Агро» ЖШС бригадирі:

– Қызылжар өңіріне көшіп келмес бұрын Қостанай облысында жұмыс істедім. Петерфельдке отбасыммен бірге көшіп келдік. Келе сала су жаңа үй берді. Үлкен ұлым туған жерінде қалды. Қазір екі балам осы ауылдағы мектепте білім алып жатыр. Күйеуіммен бірге жұмыс істеймін. 35 жылдық өтілі бар. Жұмысыма бойым үйренгеннен кейін бе қиын деп айта алмаймын. Жалақы да көңілден шығады.

Бұл жерде жұмыс 5 кезінде қызады. Қыз-келіншектер білектерін түре салып сиыр сауу қамына кіріседі. Жалпы саны – 7 назікжанды күніне 3 мезгіл таңғы 6-да, түскі 1 кезінде және кешкі 5-те 680 сиырды сауады екен. Жұмыс автоматтандырылған.

Шын есімі – Тұрғанай. Әріптестері Татьяна дейді. Еңбекқор азаматша бойымда қазақ, орыс пен кәрістің қаны бар дейді. Ұжымдастарының айтуынша Тұрғанай – жұмысына адал, жауапкершілігі мол әрі іске тиянақты бригадир.

АНТОН ДЕМИН, «Петерфельд Агро» ЖШС қызметкері:

– Татьяна – әзіл-қалжыңға жақын, ақжарқын адам. Онымен бірге жұмыс істеу өте оңай. Мен өзім осы жердегі дүниелердің дұрыстығына жауап беремін. Сынғандарын жөндеймін. Тұрғанай екеуіміз өзі жерлеспіз.

Жалпы, “Петерфельд Агро» атты тегеурінді серіктестікте 50-ге жуық адам еңбектенеді.