38 жастағы «Күрең берет» иегері қызмет барысында қаза тапты! Петропавлдағы 6637 әскери бөліміне қарасты «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкері әріптесі атқан оқтан көз жұмды. Мекемеден тыс жерде жарақат алған Виталий Чужиковты қызметтес жігіттер ауруханаға жеткізген. Алайда, дәрігерлер оның өміріне ара түсе алмаған екен. Марқұм отбасын құрыпты. Бала-шағасы болған. Бұл жайтқа қатысты Петропавл гарнизонының әскери прокуроры түсініктеме берді.
МЕЙІРЖАН ҚАСЫМЖАНОВ, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:
– Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Байболат Култанов