Экология

Жастар вандализмге қарсы

Жастар вандализмге қарсы. Жергілікті “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері осындай атаумен экоакция ұйымдастырды. Белсенді жас азаматтар ескерткіштердің айналасын тазалады. Бүгін олар Мәңгілік алаудың маңын ретке келтірді.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Окінішке орай вандализм қазіргі таңда елімізде өршіп келеді. Осы вандализмді құрту мақсатында, ескерткіштерімізді таза ұстау мақсатында, экологиялық таза ұстау үшін осы акцияларды өткізіп отырмыз. Жастарымыздың арасында осы тарихи мұраларымызды сақтап қалу – біздің міндетіміз болғандықтан, жастарымызды тарта отырып, осындай іс-шараларымызды бастаған болатынбыз.

Бұл – дәстүрлі акция. Біржан Құдайбергеновтің айтуынша игі акция жалғасын табады. Бүгінге дейін біраз істің басын қайырған.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұған дейін біз тарихи өлкетану музейінің алаңын жастармен бірге тазаладық. Одан кейін басқа да тазалау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Неге біз Мәңгілік алау мемориалдық алаңына келдік? Себебі, жақында өздеріңіз көрген шығарсыздар, әлеуметтік желіде резонанстық жағдай туындаған болатын. Осы Мәңгілік алау қоқысқа толы, тазаланбаған. Ол дегеніміз -жастарымыздың арасындағы вандализм.

Елімізде вандализмге қарсы күреске айрықша басымдық беріліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығы туралы айтқан болатын.

 

Мадина Каби