Қазақстан жаңалықтары

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының шешімдері қазақ мәдениетін әлемде танымал етуге ықпал ететінін айтты

“ЮНЕСКО-ның 42-ші Бас конференциясы барысында жазушы Б. Соқпақбаевтың 2024 жылы 100 жылдығын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізу туралы қазақстандық өтінімдерге қолдау көрсетілді 2025 жылы композитор, дирижер, домбырашы, педагог Н. Тілендиевтің 100 жылдығы”, – деді Еран Карин.

Мемлекеттік кеңесші сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның бірлескен өтініміне қолдау көрсетілгенін атап өтті. Яғни 1074 жылы Махмуд әл-Қашқари жазған “Диуани лұғат ат-түрік” түркі тілдерінің алғашқы энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын мерекелеу туралы.