Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-ге қатысуының тұрақты өскенін хабарлады

Сектордың қатысуы 31,7% – дан 36,4% – ға дейін өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 4,2 млн адамға жетті. 2023 жылдың 1 қазанына 2,2 млн ШОБ субъектісі тіркелген, оның 99,9% – ы шағын кәсіпорындар. Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі 89,7% құрайды, ал шағын бизнестің жалпы өңірлік өнімге қосқан үлесі 4,1 пайыздық тармаққа өсті.

Үкімет сондай-ақ шағын және микробизнесті тексеруге мораторийді, “таза парақтан реттеу” қағидатын және тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды қоса алғанда, бизнес үшін жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды іске асыруда.