Құқық қорғау органдары

Полицейлер төбелеске қатысты түсініктеме берді

Полицейлер Петропавлда 3 күн бұрын болған төбелеске қатысты түсініктеме берді.
Тапа-тал түсте Назарбаев көшесіндегі 138-ші үйдің астындағы дүкеннің жанында
45 жастағы аула сыпырушыны біреу ұрып кетеді. Ауыр соққы алған ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оны ұрған адам ұсталды.
34 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 107-ші бабы – “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптама тағайындалды, кажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-шы бабының 3-ші бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Жиналған материалдар сотқа жіберіліп, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды және спирттік ішімдік қолдануға 3 айға тыйым салу туралы ерекше талаптар белгіленді. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда.