Ауыл шаруашылығы

Орақ науқанының қорытындысы

Осы орайда айта кетейік, өңірде орақ науқаны толығымен аяқталды.
Дәнді, дәндібұршақ және майлы дақылдар 3,4 млн га алқаптан жиналды. Шығымдылық гектарына 11,1 центнерді құрады. Майлы дақылдар 685,8 мың гектардан жиналды. Өнімділігі гектарына 6,7 центнерді құрады.
Келесі жылға 451 мың тоннадан астам тұқым іріктеліп алынған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, көктемде егілетін тұқымның сапасы да тексеріліп жатыр. Биыл 190 мың тонна минералды тыңайтқыш қолданылды. Күзгі егін жинау жұмыстарына 79 мың тоннаға жуық жанар-жағармай бөлінді. Облыста сыйымдылығы 7 млн тоннаға жуықтайтын астық сақтау қоймалары бар. Өңірде тәуліктік қауқары 233 мың тоннаны құрайтын 300-ден астам астық кептіргіш бар.
Биыл солтүстікқазақстандық аграрилер 72,1 млрд теңгеге 2 жарым мыңға жуық техника сатып алған.

 

Гульден Симбаева