Экология

Көпті таңғалдырған полярлық шұғыла

Кеше түнде сағат 11 кезінде аспан осындай қызылды-жасылды түске оранып, дүйім жұртты оның ішінде ауыл тұрғындарын таң қалдырды. Өз көзімен көргендердің барлығы суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жарыса салды. Кенеттен орын алған табиғи құбылыс – полярлық шұғыла немесе басқаша солтүстік шұғыласы деп те аталады. Теріскей өңірінде орын алған таңғажайып туралы профессор Андрей Солодовник өз ойымен бөлісті.

АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы:

– Бұл құбылыс күннен бөлінген зарядталған заттар атмосфераның жоғары қабатындағы газдарға әсер еткенде байқалады. Өкінішке орай, мұндай таңғажайыпты қала тұрғындары көре алмайды. Аспандағы түрлі түсті аномалия кейбір жерлерде анық байқалса, кейбір жерлерде әрең көрінеді. Бұл метеорологиялық құбылыс біз тұрған ендікке тән емес болғандықтан ел аумағында сирек кездеседі.

Кейбір адамдар бұл құбылысты тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпіріне саяхатқа аттанатын көрінеді. Ал теріскейлік халқы бұл ғажапқа шетел аспай-ақ куә болып отыр. Әсіресе, Мамлют пен Аққайың ауданының тұрғындары әдемі көріністі анық көрген.