Өткен жұма күні ұлттық валюта – Теңгенің 30 жылдығына орай қала орталығында “Банкиада-2023” сайысы ұйымдастырылды. Банктік жүйе қызметкерлері арасында спортты танымал ету мақсатында өткізілген додада 10-нан астам команда бой көрсетті.
ДИАС МЭЛС, ҚР Ұлттық банкі СҚФ директоры:
– Осы турнирге 14 команда қатысып жатыр. Оларға СҚО банкирлер клубының және Ұлттық банктің атынан бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, келіп қолдап отырған жанкүйерлерге де сыйлықтар бар.
ДАНИЯР МАЕКЕНОВ, жарысқа қатысушы:
– Басқа сайыскерлерге тілейтінім тек қана жеңіс. Тек алға.
Жарыста Ұлттық банк, Қазпошта, “Даму” қоры және өзге банктердің мамандары өзара мықтыны анықтады.
