Білім

Жас ұстаздар форумы

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол»! Осындай атаумен жергілікті НЗМ-да қызметтік жолды енді бастаған педагогтардың форумы өтті. Шараға
өңіріміздің ауылдарынан келген 100-ге жуық маман қатысты. Жиында мұғалімдер өзге саланың өкілдерінен қолдау-қолпаштау естіп, жігерленді.
Сондай-ақ, олар мектептегі оқытудың қазіргі заманғы үрдістерін талқылап, өзара тәжірибие алмасты. “Мұндай басқосу қыз-жігіттердің кәсіби тұрғыда табысты болуына бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандырады”,- дейді педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Жәния Опанова.

ЖӘНИЯ ОПАНОВА, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері:

– Форумның негізгі мақсаты – жас ұстаздарды білім, ғылымға баулу оқушыларға сабақты қызықты өткізуге үйрету. Жас ұстаздардың форумға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келе жатыр. Олардың барлығы мұғалімдік дағдыны нығайта отырып, өздерінің тәжірибелерін арттырады. Мұғалім үнемі біліктілікті арттырып отыру керек.

ДИАНА СӘБИТ, Чириковка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Есіл ауданы:

– Балаларға сабақты тек әдіс-тәсілдік жаттығулармен ғана емес, ойын арқылы да түсіндіруге болды. Ауылды мектептердің кейбір сыныптарында интерактивтік тақта бар, ал кейбірінде жоқ. Қазіргі таңда екінің бірінде ұялы телефон болғандықтан, тапсырмаларды сол ұялы телефонмен орындайды. Яғни, жаңа заманауи құрылғы арқылы балаға сабақ беруге болады.

 

Гульден Симбаева