Қоғам

“Бомба қойылды деп” елді дүрліктірген жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылады

Кеше «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығына “бомба қойылды” деп жалған ақпарат таратқан 16 жастағы жасөспірім болып шықты.
Медициналық сараптама жүргізу барысында оның мас екені анықталды. Нысанды түгел тінтіп шыққан мамандар түк тапқан жоқ.
Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы – “Терроризм актісі туралы жалған хабарлау бойынша” тіркелді. Жасөпірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

 

Гульден Симбаева