ТЖ

Ғ.Мүсірепов ауданындағы серіктестіктердің бірінде өрт шықты

Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Ақ нан север» серіктестігінде өрт шықты. Бұл туралы ақпар
101 нөміріне түнгі сағат 1 кезінде келіп түскен. Мамандар оқиға орнынан 7 минут ішінде жетеді. Сол кезде от метал кептіргіш толы күнбағыс дәнінен жақын маңдағы қазандыққа өткен. Мамандар өртті сөндіру барысында желдің кедергі болғанын айтып отыр.Барлығы – 10-ға жуық өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылпты. Өрт таңғы 7 жарым кезінде сөндірілген. От шалған аумақ 274 шаршы метрді құрайды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығын анықталып жатыр.

 

Гульден Симбаева