Қоғам

Қоғам белсенділері марапатталды

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында Республика күніне арналған жиын өтті.
Шарада маңдайалды мамандар мен қоғамда белсенді азаматтар марапатталды.
Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов 3 адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Бірқатарына Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаты табыс етілді.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болғандардың бірі – И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Алтынай Сыздықова. Нәзікжандының рухани мәдениет ошағында еңбек етіп келе жатқанына – 5 жыл.

АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері:

– Республика күні – ата-бабамыздың аңсаған күні. Мен осы ҚХА мүшесі және журналистер клубының мүшесі бола тұрып кез келген шараларға белсенді қатысып отырамын. Мәдениет саласында 15 жыл, білім бөлімінде 25 жылдық еңбек өтілім бар.

Сондай-ақ, шарада қошеметке бөленгендердің бірі – «СҚО Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқат Төлепберген. Зейнеткер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан алғыс хатпен марапатталды. Қоғамдық бірлестік осыдан 7 жыл бұрын құрылыпты. Қазіргі таңда ұйымға 200-ден астам адам мүшелік етеді.

АСҚАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «СҚО Семей полигоны» ҚБ төрағасы:

Біздің мақсатымыз – жәрдемақы ала алмаған адамдарға көмектесу. Қоғамдық бірлестік 8 ауданда бар. Биыл 3 ауданда ескерткіш орнатылды. Олар: Шал ақын, Есіл және Қызылжар ауданы.

Жалпы, шара барысында 20-дан астам адам марапатталды.

 

Гульден Симбаева