Қоғам

Егемендік – баға жетпес игілік

90-шы жылы декларация қабылданғаннан кейін елде бірқатар өзгеріс енгізілді. Сол жылдары Қазақстанның саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Декларацияның арқасында кеңестік заңдардан бас тартып, тәуелсіз елдің өз Ата заңы құрылды. Қазір кең байтақ елімізде 140-қа жуық ұлт өкілі тұрады. Оларға өз тілі мен салт-дәстүрін дәріптеуге мол мүмкіндік берілген.

РАШБИЛЬ ЕВДАЕВ, облыстық ҚХА еврей этномәдени орталығының төрағасы:

– Қазақстанда тұрып келе жатқаныма 30 жылдан асты. Өзім Әзірбайжан елінде дүниеге келдім. 20 жасымда жұмыс сапарымен Қазақстанға келіп, осында бәрі ұнаған соң қалуды жөн көрдім. Бұл шешіміме еш өкінбеймін. Қазақстан жылдан-жылға дамып, өркендеп келеді.

ТАТЬЯНА ВЕРБИЦКАЯ, облыстық ҚХА “Золотой возраст” орталығының жетекшісі:

– Қазақстан – өзгеге құшақ жая білген ел, халқы тату. Елде қаншама ұлт өкілі тұрып жатыр. Біздің мақсатымыз – осы ерекшелігімізді сақтап, ауызбіршілігімізді нығайту. Менің әкем орыс, анам украин. Менің жүрегім қазақ деп соғады. Барша қазақстандықты айтулы мерекемен құттықтаймын.

 

Гульден Симбаева