Сенбі күні қала орталығында дәстүрге айналған “Жас ұрпақ – Қазақстан” шығармашылық фестивалі өтті. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ауқымды шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық жас буын қатысты.
Фестиваль шымылдығын “Жас дарын” өнер мектебінің “Грация” би ансамблі ашты.
Келесі болып сахнаны өңір халқына аты мәлім “Заманауи хореография шеберханасының” бишілері жандандырды. Мың бұрылған жас өнерпаздар жиналған жұртшылыққа өнерімен ерекше әсер қалдырды.
Келесі болып өнер көрсеткендер – “Arai kids” би студиясы. Көздің жауын алатын көк түсті костюм киген қыздар “Модель” атты би қойылымын ұсынды. Өнер көрсеткен 20-ға жуық қыздың ішінде 7 жастағы Әдел Берік те бар.
ӘДЕЛ БЕРІК, “Arai kids” би студиясының бишісі:
– Менің биге қатысып жүргеніме 3 жыл болды. Мені қатысуға анам әкелген болатын. Біз бүгін “Модель” деген би билейміз. Ол үшін 2 ай бойы дайындалдық.
Жалпы, конкурс 4 жас ерекшелігіні байланысты “Балалар биі”, “Эстрадалық хореография”, “Көше биі” және “Заманауи би” номинацияларынан тұрды.
ИРИНА КОЛОДАЕВА, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:
– “Жас ұрпақ – Қазақстан” фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл жолы бишілер Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов пен Аққайың аудандарынан келіп отыр. Жыл сайын қатысам деуші өнерлі жеткіншектердің саны артып келеді.
Фестивальге қатысқандар шара соңында 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі лауреат атанды.