Республика күніне орай облыс орталығында өнер сайысы өтті. Таланттар тартысына аудандардан келген өнер иелері қатысты. Сайыста жерлестеріміз ән салды, би биледі. Аспапта ойнап, қолөнер еңбектерін ұсынды. Конкурс қатысушыларының жасына қатысты шектеу жоқ. Отанға деген махаббатын жастар да, орта буын өкілдері де өнермен жеткізді. Басты талап – өнерпаздардың өзге ұлттан болуы және қазақ тілін білуі қажет.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:
– Басты мақсат – ұлттық өнерді насихаттау. Бүгін домбыраның даусын, есті әндерді өзге ұлт өкілдерінің аузынан естіп отырмыз. Бір шаңырақ астында әрқашан бейбітшілік болсын. Барлығымыздың да арманымыз – бірлік пен келісімде өмір сүру.
Алдияр Айтпаев