МТРА жаңалықтары

Петропавл көшелерін су басты

Коммуналдық апат мамандарды әлекке салды! Кеше кешке облыс орталығындағы Абай мен Әуезов көшелерінің қилысында үлкен шалшық пайда болды. Бұл жерде 200-ге жуық үйді жалғап тұрған кәріз коллекторларының бірі зақымданған. Техникалық стандарт бойынша мұндай құбырдың қызмет ету мерзімі – 25 жыл. Ал жарылған коллектор осыдан 57 жыл бұрын орнатылыпты. 2019 жылдан бері жөнделіп келеді екен.

ВЯЧЕСЛАВ ВИЗЕРОВ, «Қызылжар су» ЖШС кешен басшысы:

– Қазіргі уақытта қайта қалыпқа келтіру жұмысының көлемін анықтау мақсатында тексерулер жүргізілуде. Қандай материалдар қажет болатынын нақтылап жатырмыз. Іс тындырылған соң апаттың салдарын жоюға кірісеміз. Кеше адамдардан жертөлелерді су басып жатқаны жайлы шағымдар түсті. Бұған кәріз коллекторының зақымдануы себепші емес. Себеп – үйлердің кәріз жүйесі тиісті материалмен қапталмаған. Бұнымен пәтер иелері кооперативі және мүлік иелерінің бірлестігі айналысуы керек.

 

Байболат Култанов