Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермер, қалалар мен ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылықтардың, бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы жүргізіледі

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте ауқымды іс-шараға дайындық барысы талқыланды. Аграрлық сектордың жай-күйі туралы статистикалық ақпараттың сапасы мен объективтілігі үшін OOH ФАО ұсынымдарына сәйкес елдердегі ауыл шаруашылығы санақтары әр 5-10 жыл сайын өткізіледі.

“Халық санағын жүргізу ұқсастығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелеріне арнайы web-порталда санақ сауалнамаларын толтыру ұсынылады. Сауалнамадан өтпеген қалған респонденттер бойынша деректерді жинауды интервьюерлер жүзеге асырады”, – деді ҚР АӘДБ Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев.