Құқық қорғау органдары

Ауыл тұрғыны қаруын өткізіп, патрондарын өзінде қалдырған

Жамбыл ауданының тұрғыны оқ-дәріні заңсыз сақтап келген. Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде осындай факті тіркеді. 61 жастағы ер адамның бұрын аңшы болған. 2012 жылы бұл ісін доғарып, 12-ші калибрлі мылтығын полицияға өткізген. Алайда, 16 патронын өзінде қалдырыпты. Айтуынша, бұл әрекеті заңға қайшы екенін білмеген. Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды. Жалпы, жуырда ғана бастау алған іс-шараның бірінші күнінде өңір тұрғындарынан 27 патрон, 1 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген. Сондай-ақ, есепте тұрған 700-ден аса адам, 70-ке жуық қолайсыз отбасы және қорғау ұйғарымы жазылып берілген 100-ге жуық адам тексерілді.