СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы талқыланды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов түркиялық “YDA Group” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен жүздесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп көпсалалы аурухана құрылысын жеделдету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біздің облыс үшін бұл маңызды жоба болып саналады. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді. Бұл туралы өңір жетекшісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.