Есірткімен күреске арналған телеграм-бот 12-ші қазаннан бастап жұмыс істей бастады. Жаңа құрал арқылы есірткі жасырушылар мен оны сатумен айналысатын интернет-дүкендердің сілтемесін полицияға анонимді түрде хабарлауға болады. Хабарламаға құқық бұзушылықты растайтын фото және бейнежазбаны қосып жіберу мүмкіндігі бар. Небәрі төрт күн ішінде солтүстікқазақстандықтардан 2 сілтеме келіп түскен. Олар тексерілуге және бұғатталуға жіберіліпті. Айта кетейік, желі қолданушылары боттағы менюде психотроптық заттарды қолданудың салдарымен, есірткінің заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікпен таныса алады.
t.me/sko_narkohelp_bot
Алдияр Айтпаев