СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Айыртау мен Есіл аудандарында болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болды. Аймақ басшысы алдымен Шалқар ауылына ат басын тіреп, жаңа сорғы стансасының құрылыс барысымен танысты. Жауапты істі «УниверсалСтройСервис» серіктестігі ағымдағы жылдың мамырында бастаған. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны шамамен 675 млн теңгені құрайды.

ЖАНДОС ҚОЖАҚОВ, «УниверсалСтройСервис» ЖШС шебері:

– 3 резервуар мен 30 шақырым құбыр салынды. Биыл аяқтаймыз деген ойдамыз. Негізі, жұмыс келер жылдың тамызында аяқталуы тиіс. 20 адамдай жұмыс істеп жатыр.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, Айыртау ауданының әкімі:

– Айыртау ауылында да осындай жоба жүзеге асырылып жатыр. 2 жылға жоспарланған жұмыс былтыр басталды. Шаруа 1 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Қазір Шалқарда – 550, ал Айыртауда 600 адам тұрады. Бүгінгі таңда ауданда 29 елді мекен болса, соның 79,6% пайызы орталықтандырылған желіге қосылға. Осы 2 нысан іске қосылғасын пайыздық көрсеткіш 84-ке жетеді.

Ал Лобаново ауылында өңір жетекшісі тұрғызылып жатқан дәрігерлік амбулаторияда болды. Мұндағы мердігер де нысан құрылысын ағымдағы жылдың мамыр айында бастаған екен.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Құрылыстың жалпы ауданы 432 шаршы метрді құрайды. Дәрігерлік амбулатория 1 ауысымда 30 адамды қабылдамақ. Жобаның құны – 286 млн теңге. Жұмыс аяқталуға жақын. Нысан 20 желтоқсанға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Өткен жылдың қыркүйек айында Лобаново ауылында орналасқан мына ғимараттың тамырына қайта қан жүгірді. Бұл жерде қазір «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі орналасқан. Бүгінде білім ұясы алматылық университеттің сенімгерлік басқаруында.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Алматыда белгілі бір оқу орнына иелік ететін жерлесіміз, елдің патриоты өзінің кіндік қаны тамған жерге тікелей көмек көрсетуге бел буған екен. Колледжді қалпына келтірді. Жақсы жұмыс. Сапалы білім алыңыздар! Қазіргі таңда сұранысқа ие болу керек.

Өткен жазда оқу ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Сырттан келетін жастарға жатақхана да әзірленді. Инвестор колледжді қазіргі күйге келтіру үшін 350 млн теңгеге жуық қаржы құйған. 2024 жылы білім ұясы толық жобалық қуатқа шығып, 450 студентті оқытуды жоспарлап отыр.

АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, Almaty Management University президенті:

– Қазірдің өзінде бізде еліміздің 13 қаласы мен облысынан 205 студент оқиды. Биыл 28 жұмыс орнын аштық. Келешекте көрсеткіш артады. Мамандар әзірге 3 білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олардың саны 15-ке жетпек. Мұнда сапалы білім, инфрақұрылым мен жатақхана бар. Біздің мақсат – еңбекқор әрі өзгерістерге құштар жастарды дайындау.

Әр елді мекенде проблема бары айдан анық. Солармен танысуы әрі шешу үшін аймақ басшысы аудандарды аралап жүр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тұрғындармен кездескен кезде біз халықтың қалай өмір сүріп жатқанын, бүгінде қандай мәселелері барын білгіміз келеді. Осы күні мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Бағдарламалар ауылдардағы инфрақұрылымды жақсартуға және ондағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген. Солар арқылы Лобановода жол мәселесі шешілмек.

– Сколько улиц в этом поселке? – 13 улиц. Из них 10 с асфальтовым покрытием? – Нет, одна с асфальтовым покрытием, только областная дорога, остальные без асфальта. – Планы есть какие-то? – Мы в прошлом году делали ПСД, сейчас чуть изменились требования, нужна экспертиза. Будем делать смету, основные три улицы. – Проводите экспертизу, потом заявляйтесь.

Айыртау ауылында аймақ басшысы «Shalkar Grain» серіктестігінің астық қоймасында болды.

– Как по качеству этого года? – Третий, четвертый, пятый класс. – А третьего класса сколько? – Третьего класса около 4 тысяч тонн намолотили. – Из какого объема? Вы же зерновые закончили? – Заканчиваем только.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сіздердің аудандарыңызда астықтың 99 пайыздан астамы қамбаға жеткізілді. Аудан бойынша орташа шығымдылық – 11,1 – 11,8 центнер. Майлы дақылдарды жинау көрсеткіші 60% жақындап қалды. Мұндағы гектар берекелігі 7 центнер болады деп ойлаймын. Жер жырту, жем-шөп дайындау жұмыстарын дер кезінде аяқтау керек. Дүйсенбіде мемлекеттік комиссия болды. Тауар өндірушілер көтерген мәселелердің барлығы мемлекеттік деңгейде шешілді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерін қызықтырған барлық сұрақты қоюға мүмкіндік алды.

ҚАЙРАТ БОЛАТҰЛЫ, «Саумалкөл Агро» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:

– Келесі жылы су құбырында үлкен мәселе туындамақ. Желіге ешкім күтім жасамады. Проблемаға назар аудару керек.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, Айыртау ауданының әкімі:

– Су құбыры әдбен ескірген. Кеңестік кезеңнен келе жатыр. Біз былтырдан бастап жобалық-сметалық құжаттаманы жасау үшін құбырды балансқа белсенді түрде қабылдай бастадық.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Деньги в бюджете есть, надо обязательно заложить, эти вопросы решать.

Айыртау ауданында Ғауез Нұрмұхамбетов Саумалкөл ауылында да болды. Мұнда «Тезис» серіктестігі табысты жұмыс істеуде.

АРТЕМ ТЕН, «Tezis» ЖШС директоры, Айыртау ауданы:

– Қазір тәуліктегі 1 ауысымда 2 тоннадай ірімшік өндіреміз. Келешекте күніне шамамен 5 тонна дайын өнімге жетеміз деп ойлаймыз. Бізде 40-тан астам өнім түрі бар. 26 адам жұмыс істейді, жұмысшы санын арттырғымыз келеді.

Кәсіпорынды жаңғыртуға жарты млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жылына 700 тонна дайын өнім шығаратын цех сүт өңдеуге және жұмсақ ірімшік шығаруға негізделген. Тауар бүкіл ел бойынша сатылады. Саумалкөлде аймақ басшысы жаңа орталық қазандықта да болды. Құрылысы 2020 жылы басталған нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоба құны шамамен 446 млн теңгені құрайды.

– Нам только осталось освещение наружное сделать столбы, а так все готово. – Все готово? – Да, испытания прошли.

Қазандық 20-дан астам үйді жылумен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, оған әлеуметтік нысандар қосылады.

Есіл ауданында облыс әкімі «Атамекен-Агро Корнеевка» серіктестігінің жұмысымен танысты. Агроқұрылым сүт фермасын салуда.

– Вы когда начали реализовывать этот проект? – С осени прошлого года начали. – А оборудование чье? -«Westfalia» – немецкое оборудование. Все топовое, хорошее взяли.

Жоспар ауқымды. Серіктестік болашақта осында бірнеше ферма ашпақ.

Қоса кетейік, Корнеевкада серіктестіктің жеке тұқым зауыты бар.

 

Байболат Култанов