СҚО әкімдігі

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болды

Жұмыс сапарын өңір басшысы Новоникольское ауылынан бастады. Елді мекен әлеуеті дамып жатқан ауылдардың қатарында. Жергілікті кәсіпкер Геннадий Зенченко әкесінің ісін жалғап, ауылдағы ағайынға қолайлы жағдай жасауда. 2007 жылы ашылған «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің сүт-тауар фермасы 50 адамды екі қолға бір күрекпен қамтып отыр. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 300 мың теңгеден асады. Кешенде 3000 бас ірі қара бар. Облыс әкімі аталмыш ферманың жұмысымен танысып, агроқұрылым басшыларымен әңгімелесті.

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз ауылдағы экономиканы дамытып жатқан кәсіпкерлермен танысып жатырмыз. Новоникольскінің өндірістік учаскелерін аралап, сүт фермасының жұмысын көрдік. Бұдан бөлек, экономикамен, инвестициялық жобалармен танысып, әлеуметтік салаларды қарастырамыз. Көптеген мәселелерді шешу қажет. Сондықтан, әрбір ауданда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен кездесу маңызды деп санаймын.

Кездесу барысында шаруалар төлемдердің неліктен уақытылы төленбей жатқанын сұрады. Облыс басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 14 млрд теңгеге қолдау көрсетті, бұл қаражат субсидиялауға жұмсалмақ.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Ағымдағы жылы субсидиялауға 63 млрд теңге бөлінді, бүгінде біз 53 млрд теңге бердік. Қаражат бар. Қазір мемлекеттік «ГосАгро» жаңа жүйесі бар. Бізде мақұлданған өтінімдер бар, олар өз кезегін күтуде. Тамыз өтінімдері қазір қаралуда, сондықтан, жақын арада қаражатты сіздер де аласыздар.

Облыс әкімі елді мекендегі Геннадий Зенченко атындағы орта мектепті де аралап көрді. Оқу ордасында 340 бала білім алады. Заман талабына сай жабдықталған мектепте 39 мұғалім жұмыс атқарады. Былтырғы жылы қосымша құрылыс есебінен 40 млн теңгеге мектептің алаңы ұлғайтылыпты. Аймақ басшысы ауылдағы «Энергия» спорт сарайының жұмысымен де танысты. Орталықта керек-жабдықтың барлығы бар үлкен спорт зал, теннис, волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған кең ойын алаңы, тіпті бассейн де бар.

– Очень много девочек ходят. Любят они волейбол, баскетбол. -Молодцы! -Одно занятие у нас в фитнес тренажерном зале 250 тенге. Чисто симовлический поставили.

Ауылда мәдениет үйі де бар. 40 жылдан астам тарихы бар нысанда 2019 жылы толық реконструкциялау жүргізіліп, мұражай салынған. Мұнда Ғауез Нұрмұхамбетов елді мекен тұрғындарымен кездесіп, ауылдың даму серпіні жайлы ойымен бөлісті.

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мұндай ауылда өмір сүргің де, жұмыс істегің де келеді. Бұл ауыл бүгінде барлық жағынан дамып жатқанын өз көзімізбен көрдік. Сондықтан, өзіме барлығы ұнады. Бүгінде біз облыс бойынша аудандарды аралып жүрміз, әлеуметтік сала нысандарымен, аймақтың экономикасымен танысудамын. Әдейі басқарма басшыларымен бірге келдік. Көптеген мәселе бар, сондықтан, барлық ауданда тұрғындармен кездесуге тырысудамын.

Жиналған қауым өңір басшысына алаңдатып жүрген көкейкесті сұрақтарын қойды. Кездесуге көрші ауылдардан да азаматтар жиналған. Бескөл ауылының тұрғыны Бақыт Баукенов елді мекенде жолдардың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі тиісті жұмыс қазірдің өзінде атқарылып жатқанын алға тартты.

Жанат Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі:

– Аудан орталығындағы асфальт жолдарының барлық жалпы ұзындығы шамамен 100 км құрайды. Біз 2020 жылы 22 км жол жасадық, биыл облыс әкімдігінің қолдауымен 2,4 км жолды жөндедік, оған 150 млн теңге бөлінді. Қазір жобаны жасап жатырмыз, оны жыл соңына дейін аяқтаймыз. 700 млн теңгеге екі жылдық жоба. Осылайша, тағы шамамен 17 км қамтимыз. Жобаны жыл соңына дейін аяқтаймыз.

Ал Соколовка ауылының тұрғындары су күніне тек 3-ақ рет беріледі деп шағымданды. Бұған себеп елді мекендегі су құбыры желісінің апатты жағдайда болуы. Оған қоса, ауыл маңындағы сібір жарасы полигоны елді мекенге су құбырын тартуға кедергі жасауда. Аймақ басшысы бұл мәселені тиянақты зерттеп, тиісті жұмысты қолға алуды тапсырды. Бұдан соң, Ғауез Торсанұлы Новокаменка ауылына бет алды. Мұнда әкім «Жаңа құс» фабрикасының жұмысымен танысты. Серіктестік жылына 1,5 мың тонна құс етін өндіреді. Фабрикада 76 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 230 мың теңге. Кешен директорының сөзінше, алда бірқатар жоспар тұр.

Радий Көшербаев, «Жаңа Құс» ЖШС директоры:

– Біз екі ай бұрын Петропавл бройлер құс фабрикасын сатып алдық, қазір оны қарқынды түрде қайта құрып жатырмыз, біз онда 4 корпус тұрғыздық. Енді бізде екінші алаң бар. Жоспарларымызда кішігірім өзгерістер болды. Новокаменкада құс фабрикасының базасында екінші ретті репродукторды қабылдағымыз келеді. Петропавлда өсірілсе, мұнда біз инкубациялық жұмыртқа мен ет бройлерінің соңғы гибридін алуды жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімі Подгорное ауылында орналасқан кірпіш зауытына да барды. Былтырғы жылы ашылған кәсіпорын тәулігіне 150 мың кірпіш шығарса, жылына бұл сан 40 млн-ды құрайды. Құрылыс материалын біздің өңірден басқа, көршілес Ақмола мен Қостанай облыстары да сатып алады. Кәсіпорын басшылығы қыстыгүні жұмысты тоқтатпау үшін қажет істі тындырамыз деп отыр.

– Останавливаться не будете? – Нет, не будем. – Не будете. Зимой будете работать. На чем будет работать, на угле? – На угле. – Это сколько печей у вас? – Одна печь на сегодняшний день, это сушилка. Втораая печь строится, еще строительство идет.

Ғауез Нұрмұхамбетов танысқан келесі нысан – Бескөл ауылындағы №3 орта мектеп. Білім ошағында оқушыларға қолайлы жағдайдың барлығы жасалуда. Жаңа модификациялық үлгідегі химия, биология және физика кабинеттері, заманауи қондырғылармен жабдықталған зертханалық кабинеттер, әр сыныпта лэд-экран, тіпті медица орталыққа дейін бар.

Айнұр Сәрсенова, №3 Бескөл орта мектебінің директоры:

– Қосымша білімге көп көңіл бөлеміз. Балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін «Журналистика», «Шебер әжелер», «Хореография» үйірмелері және «Еркін ой» пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Мектеп жақында ғана ашылса да оқушыларымыз мектептің қоржынына біршама диплом әкеліп, жетістікке жетіп үлгерді.

Айта кетейік, оқу ошағында барлығы 425 бала білім алуда. Мектепте 70 ұстаз қызмет етеді.