Білім

Қозыбаев университетінде жаңа жобалық кеңсе ашылды

Жергілікті жоғары оқу орнында өңірдегі жұмыспен қамту қарқыны зерттеледі. Бүгін Қозыбаев университетінде “Мамандығым – болашағым” атты аймақтық жобалық кеңсе ашылды. Бұл жаңашылдық негізінде арнайы карта пайда болады. Онда кадр дефициті бар салалар кіреді. Соның негізінде жергілікті білім ордасы қабырғасында мамандар дайындалады.

АҚМАРАЛ ТҰРҒАЛИЕВА, Қозыбаев университетінің проректоры:

– Зерттеу, талдау жұмыстары негізінде сұранысқа ие мамандар даярлаймыз. Олар қандай дағдыларды білулері керектігі де анықталып, оқыту бағдарламасына енгізіледі. Мұндай ауқымды жұмыс 2029-шы жылға дейін жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Мұндай жобаны жүзеге асыруға Үкімет қаулысы сеп болды.

Зерттеу жұмыстары мамандарды даярлаудан басталды. Талдау жүргізетін 20 маман осы аптада арнайы курстардан өтеді. Оларға жұмыс істеу процесін “Мамандығым -болашағым” бас офисінен келген жандар үйретеді. Ал келесі аптадан бастап өңірдегі кеңсе қызметкерлері салалардағы кадр тапшылығын зерделей бастайды.

 

Алдияр Айтпаев