Қазақстан жаңалықтары

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев азаматтарға банктер мен МҚҰ алдындағы берешекті реттеуге көмектесуге бағытталған “Қарызсыз Қоғам” жобасын іске асыру туралы кеңес өткізді

Жоба аясында Астанадағы орталық кеңсені қоса алғанда, өңірлік  жобалық кеңселер құрылатын болады. Олар азаматтарға бизнесті жоспарлауға және жұмысқа орналасуға одан әрі көмек көрсете отырып, банктер мен МҚҰ алдындағы мерзімі өткен берешекті реттеу мәселелері бойынша кеңес беретін болады.

Халықтың одан әрі кредиттелуіне жол бермеу, борыштық жүктеменің өсуін шектеу, қаржы нарығындағы алаяқтық жағдайларын азайту үшін, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту заңнаманы одан әрі жетілдіру жолымен жүйелі шаралар қабылданатын болады.