Қазақстан жаңалықтары

Еуропа Кеңесі Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және шығарылған активтерді қайтару жөніндегі шараларды әзірлеуде қолдау көрсетеді

Бұл туралы Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Мұстафа Ферати мәлімдеді. Бұл хабарландыру ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропа кеңесінің өкілдерімен кездесуінен кейін жарияланды. Сапар барысында Роман Василенко сонымен бірге Фератимен экономикалық қылмыстармен күресуге және заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға байланысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.