Экология

Қоқыспен күрес

– Если мы кого-нибудь заметим здесь, или вот вы заметите, можете позвонить на «102». – Давно пора, там уже невозможно. – Сами не кидаете? – Нет, мы всё в печке сжигаем.

Табиғатты қорғау жөніндегі полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары
заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойынша рейд өткізіп жатыр. Есіл өзенінің жағасы – Петропавлдың проблемалық аймақтарының бірі дейді тәртіп сақшылары. Айналадағы үйлердің тұрғындары, демалушылар – қоқысты жардан бері қарай домалата салады немесе шұңқырлы жерлерге апарып төге салады. Осындай құқық бұзушылық іс үстінде анықталса айыпты адам жауапкершілікке тартылады.

Еркем Ғалиуллина, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

– Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Рейдтік шара республикалық акция аясында ұйымдастырылып жатыр.

Еркем Ғалиуллина, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

– Қазанның 9 мен 16 аралығында өтіп жатқан акция шеңберінде бей-берекет үйінділердің орындары мен олардың пайда болу көздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Анықталған заңсыз қоқыс орындары бойынша материал белгілі бір шара қабылдау үшін экология департаментіне жолданады, одан әрі ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Сондай-ақ, қоқыс төгетін кәсіпорындармен де тиісті жұмыс жүргізіледі дейді полицейлер.