Мәдениет

Ғ.Мүсірепов ауданындағы аудандық кітапханаға биыл – 60 жыл

Новоишимское ауылындағы аудандық кітапхана. Бұл мекеменің 60 жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда кітапхана қорында 10 мыңнан астам әдебиет бар. Ізденіс пен білімнің қайнар көзіне айналған ошақта ұдайы өзгерістер болып тұрады. Мұндағы мамандар да үнемі даму жолында. Мекеме меңгерушісі Елена Тимощук осында 36 жыл бойы еңбек етуде.

ЕЛЕНА ТИМОЩУК, Ғ.Мүсірепов аудандық кітапханасының меңгерушісі:

– Биыл мен үшін сәттілікке толы жыл. Мамыр айында Қазақстанның көрнекті кітапханашыларының кітабы жарық көрді. Мен “10 үздік ауыл әйелі” тізімінен көріндім. Сондай-ақ, «Еңбек жолы» байқауында “Үздік жастар тәлімгері” номинациясы бойынша топ жардым.

Елена Тимощуктың еңбегін әріптестері де жоғары бағалайды. Нәзікжандымен Сара Жұмабекова 2014-ші жылдан бері бірге бел жазбай жұмыс істеп келеді. Мекеме мамандарының бірлігінің арқасында оқу-ағарту ісінде ілгерілеу бар.

САРА ЖҰМАБЕКОВА, Ғ.Мүсірепов аудандық кітапханасының кітапханашысы:

– Аудан тұрғындары кітапқа құмар. Кітапхана жиі келеді және ұйымдастырылған шараларға белсене қатысады. Екі жыл ішінде біздің кітапханада 3 тілде 3 кітап жарық көрді. Жергілікті қаламгерлер өлкетану тақырыбын жиі қозғайды.

Қазір кітапханада 1800-ге тарта оқырман бар. Мекеме мамандарының сөзінше аудан тұрғындары кітапқа оқуға құмар. Білім мен мәдениет ошағына зейнеткерлер де, бастауыш сынып оқушылары да келеді. Жас бүлдіршіндерге арналып жазда жаңа кітаптар жеткізіліпті.

 

Алдияр Айтпаев