МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

Петропавлда ер адам баласының үйіне қонаққа барып, жанжал шығарған

44 жастағы петропавлдық ұлының үйіне қонаққа барып, ішіп алып жанжал шығарған. Ол шақыртуға келген полицейлердің соңынан еруден бас тартқан. Ер адам отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен басқа, 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады.
Тағы бір жағдайда полиция қызметкерлерінің талабына бағынбау фактісі тіркелді. 41 жастағы ұлы жанжал шығарғандықтан анасы тәртіп сақшыларын шақырған. Жанжалқой 1 жыл бұрын ғана осыған ұқсас әрекеті үшін жауапкершілікке тартылыпты. Енді 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Жалпы, облыста жыл басынан бері билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаудың 388 фактісі тіркелді.