Шын мәнісінде, жануарларға екпе қойылмаған. Атқарылмаған істі атқарылған деп есеп беру жайтына қатысты тексеріс жүріп жатыр.
Құжаттарды қолдан жасау фактілері үш ауданда: Аққайың, Тимирязев пен Мамлют аудандарында тіркелген. Яғни, 3 ауданда 3 үйдің ірі қарасына диагностикалық зерттеу толық жүргізілмеген. Қазіргі таңда құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелерді бұзған. Олар мал қорымдарын күтіп-ұстау талаптарын сақтамаған.
АЙТУҒАН КАСКЕРБАЕВ, СҚО прокуратурасы департаменті бастығының орынбасары:
– Ветеринариялық құжаттарда малдарға екпе егілді деген төрт түлік иесінің қойған қолдары жалған екендігі белгілі болды. Жалған қолды кім қойғанын анықтау қажет. Тұрғындардың айтуынша өздері қол қоймаған. Сонымен қатар, елді мекендерде малды арнайы пункте емес, жеке аулада сою әлі де жалғасуда. Осыған байланысты биыл 24 лауазымды тұлға, оның ішінде ветеринария басқармасының басшысы жауапкершілікке тартылды.
Гульден Симбаева