Білім

Мұғалімдер күніне арналған шығармашылық шара

Петропавлда Мұғалімдер күніне орай мектеп оқушылары арасында «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың соңында туындысы үздік деп танылған оқушының ұстазы құрметке бөленеді.

САИДА ТАУКЕЛЕВА, “МЕН АЛМАТЫЛЫҚПЫН” ҚБ жетекшісі:

– Петропавл қаласында біз бесінші рет акция ұйымдастырып, оны ұстаздарға арнадық. Біз ұжым болып өңіріміздің тәжірибелі, білікті мұғалімдерін құттықтауды ұйғардық. Оларға 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тарту етіліп, алғыс хаттар табысталды.

Мерекеде елеусіз қалмағандардың бірі – Данагүл Есқожина. Ол Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінде
әлеуметтік ұстаз болып еңбек етеді. Нәзікжанды аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларының құқықтарын қорғап, қоғамнан өз орнын табуына ықпал етіп жатыр. Данагүл Рахатқызының айтуынша, биыл білім ұясында ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен «Ата-аналар мектебі» атты іс-шара қолға алынбақ.

ДАНАГҮЛ РАХАТҚЫЗЫ – Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінің әлеуметтік ұстазы:

– Бүгінгі ұстаздар ұйымына арналған үлкен мерекелік іс-шараға қатысып отырған барлық ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздық – ол қиын да қызықты жол. Ұстаздық мамандығын таңдаған адам өз өмірінде ең керемет мамандықты таңдады деп ойлаймын.

36 мектептің директоры өздері жетекшілік етіп отырған білім ұяларының мұғалімдеріне сертификаттар алды. Ешкім сыйлықсыз қалмайды. Іс-шара шығармашылық ұжымдардың мерекелік концертіне ұласты.