Білім

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Динара Мұқанованың ұстаздық етіп келе жатқанына – 20 жыл. Ұлағатты ұстаз бүгінде оқушыларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде. Мұғалімдік қызметке келуіне мектептегі ұстазы септігін тигізген. Білікті педагог еңбек жолын қаладағы классикалық гимназиядан бастапты. Сол жерде 11 жыл бойы тер төккен нәзікжанды 6 жыл бұрын НЗМ-ға орналасқан.

ДИНАРА МҰҚАНОВА, Химия-биология бағытындағы НЗМ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

– “Ұстаз – ұлы есім деп” Мұхтар Әуезов айтып кетккен. Осы өсиетті қабылдағаныма 17 жыл болыпты. Күшіме емес, адал ісіме сеніп, осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Ғафу Қайырбеков айтып өткендей, ұстаз болу – бұл жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы. Мен өз мамандығымды жақсы көремін.

Тәжірибелі педагог – бүгінде өңіріміздің адыңғы қатарлы мұғалімдерінің бірі. Білікті ұстаздың білімді шәкірті де көп. Солардың бірі – 10-шы сынып оқушысы Ләйлім Боранбай. Бұрымды ұстазының қолдауының арқасында біраз шыңды бағындырған. Өткен жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен желілік олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болған.

ЛӘЙЛІМ БОРАНБАЙ, Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Ең сүйікті мұғалімдерімнің бірі. Себебі, оқушыларды ынталандыру үшін сабақты ерекше форматта ұйымдастырады. /2:14/Баламен тікелей қарым-қатынас жасай білетін мұғалім. Ол кісімен қысылмай кез келген тақырыпта сөйлесе аламын.

Кәмила Қасым да Динара Мұқановадан тәлім алған дарынды оқушылардың бірі. Қазақ тілі мен әдебиетінен өтетін тілдік байқауларға қатысып, бос уақытында әңгіме жазумен айналысады.
“Бойымда шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті оятуға ықпал еткен ұстазым”,- дейді дарынды жеткіншек.

КӘМИЛА ҚАСЫМ, Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Динара Мұқанова маған 7-ші сыныптан бастап сабақ береді. Әрқашан бізді қорғап, қодлпаштап жүреді. Менің әңгімелерім ол кісінің қолдауымен “Мөлдір бұлақ” балаларға арналған танымдық журналына шығарылып жүр. 

Динара Мұқанова: “Білікті педагог үнемі ізденісте болуы керек”,- дейді. Өзі бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында өтіп жатқан “Жылдың үздік мұғалімі” байқауында мектеп намысын қорғауда.

 

Гульден Симбаева