Облыс орталығында “Qulager” ХК өз айдынында оңтүстік астанадан келген “Almaty” ұжымын қабылдады. Матчты тамашалауға теріскейліктер көптеп жиылды. Кездесу тартысқа толы болды.
Алғашқы периодта бірінші болып айдын иелері есеп ашты. Қарсылас қақпасынан Александр Своеволин саңылау тапты.
Ойынның 12-ші минутында есеп еселенді. Ағайынның қуанышында шек болмады.
-1-ші период көңілімнен шықты. Біздің жігіттер жарап тұр. Жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Жеңіс күтеміз.
– 1-ші периодта ойын біздің қолымызда болды. Басымдықты сақтау керек. Шабуылдай беру керек.
Басымдықты петропавлдықтар сақтап қалды. Кездесу солтүстікқазақстандықтардың пайдасына шешілді. Бұл ойында 4:3 есебі тіркелді.
Алдияр Айтпаев