Қоғам

Құқықтық көмек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік. Петропавлда белсенді жандар осындай атаумен консультациялық шара ұйымдастырды. Мақсат – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.
Шара «Қызылжар» коммуналдық базарында өтті.
Барлығы – 5 маман отырды: әділет департаментінің мамандары, нотаруис және ХҚКО-ның өкілі отырды. Сауда орнына келген кез келген адам осы мамандарға келіп, толғандырған сұрағына жауап алды.

Кәмила Сапарбаева Қозыбаев университетінде оқиды. Болашақ маман қазірден волонтер ретінде жұмысқа тұрғысы келеді.

КӘМИЛА САПАРБАЕВА, Қозыбаев университетінің студенті:

– Маған толықтай түсіндірді. Қандай волонтерлік ұйымға қосылуға болады деген сұрақ қойдым. Осы қараша айында ұйым ашылады екен «Жасыл ел» деген. Студенттерді ала береді екен. Айына 28 мың төлейді екен. Өте керемет мүмкіндік. Бірінші рет волонтерлік жұмысқа қатысайын деп тұрмын. Адамдарға көмектескім келеді.

Мамандарға жүгінген адам саны аз болған жоқ.
Әділет департаментінің маманына санаулы уақыттың ішінде 3 азамат сұрақ қойған.

ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, СҚО әділет департаментінің сот орындаушысы:

– Тұрғындар сот актілерінің орындалуына қатысты сұрақтарын қойды. Орындалу мүмкіндігі мен мерзімі, борышкерге қандай шара қолданылатыны туралы кеңес бердім. Бізде байланыс орталығы бар 33-32-02, азаматтар белгілі бір мәселе бойынша сұрақ қойғысы келсе сонда хабарласуларына болады.

Жалпы, мұндай науқан өңірімізде 3 ші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта мұндай шаралар легі мектептер мен ЖОО-ның қабырғасында да өткізілмек.

 

Гульден Симбаева