Мәдениет

Абылайдың ақ үйінде ашық аспан астында дәріс өтті

“Абылай хан және оның заманы”. Аты аңызға айналған қолбасшының ақ үйінде осындай тақырыпта дәріс өтті.
Оған университет және колледж студенттері қатысты. Мекеме мамандары жастарға 18-ші ғасырдағы ұлы тұлғаның өмір жолы жайлы айтып берді. Қызықты әңгімелер мен Әбілмансұрдың ерлігі тілге тиек етілді. Ашық аспан астында өткен жиында қыз-жігіттер жалпы қазақ даласы жайлы да тың ақпаратты біле алды. Айта кетейік, мұндай дәрісті “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қызметкерлері жыл сайын өткізеді.

БАУЫРЖАН ЖҮНІСОВ, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі:

– Абылай хан заманында қолданылған киімдер, қару-жарақтар қойылып отыр. Мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырамыз. Мұндай шараларды күзде өткізуіміздің өзіндік себебі. Қазақ хандығы кезінде құрылтайлар мен хандардың ауысуы осы мезгілде болған.

 

Алдияр Айтпаев